Тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 270 000 теңге болатын 34 бірлік мөлшерінде контрафактілік өнім партиясы анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 270 000 теңге болатын 34 бірлік мөлшерінде контрафактілік өнім партиясы анықталды.

20.08.2025 11:24:19 178

«Toyota» және «Lexus» әуе, май және салон сүзгілері және басқа да бөлшектер сияқты сауда белгісімен заңсыз таңбаланған автомобиль бөлшектерін тарату, сақтау, сатуға ұсыну және сату фактісі тоқтатылды.
Toyota Jidosha Кabushiki Кaisha компаниясының (сондай-ақ Тойота Мотор Корпорейшн ретінде сауда жасайтын) өтініші негізінде СҚО Әділет департаменті тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісі бойынша Петропавл қаласының ЖК қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы құны 270 000 теңге болатын 34 бірлік мөлшерінде контрафактілік өнім партиясы анықталды.
18 тамызда сот әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1053822?lang=kk