Көксу ауданында салвқ төлеушілер мен кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі таныстырылды

Көксу ауданында салвқ төлеушілер мен кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексі таныстырылды

25.08.2025 19:19:04 108

Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін «Ашық есік күнін» өткізіп, онда 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері кеңінен түсіндірілді.
Шара барысында қатысушылар салық заңнамасындағы өзгерістермен танысып, мамандар ҚҚС, КТС және ЖТС бойынша енгізілетін жаңашылдықтарға ерекше тоқталды.
Кездесу барысында сондай-ақ шағын және орта бизнеске қатысты салық салу тетіктері, әкімшілендіруді жеңілдету жолдары және кәсіпкерлерге артық кедергілерді азайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1056451?lang=kk