ЕЭК Кеңесінің шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
26.08.2025 12:04:01 265
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 26 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 42 шешімімен тарифтік преференцияларды қалпына келтіру жағдайлары мен шарттарын белгілеу бөлігінде 2019 жылғы 22 ақпандағы
№ 64 шешіміне өзгерістер енгізілгенін, сондай-ақ 2025 жылғы 14 мамырдағы № 24 шешімімен Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізіліп, бірыңғай тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланушы елдердің тізбесі нақтыланғанын, 2025 жылғы
23 мамырдағы № 35 шешімімен Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы
27 қарашадағы № 130 шешіміне және 2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 728 шешіміне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін картопқа қатысты өзгерістер енгізілгенін, 2025 жылғы 2 маусымдағы № 43 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі бойынша өзге де мақта жібегінен жасалған баспа төсек жаймаларына қатысты кедендік баж мөлшерлемелері белгіленгенін, ал 2025 жылғы 2 маусымдағы № 44 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы мен Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ импорттық кедендік баж мөлшерлемесін өзгерту туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне жеміс өнімдерін қайта өңдеу нәтижесінде алынған жекелеген тауарларға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің аталған шешімдері Еуразиялық экономикалық комиссияның https://eec.eaeunion.org сайтында орналастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1056783?lang=kk