Щучинск қаласында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті

Щучинск қаласында жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті

28.08.2025 17:11:17 182

Щучинск қаласында Бурабай, Зеренді, Бұланды және Біржан сал аудандарының және Қосшы қаласының салық төлеушілеріне Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары  Бауыржан Шәйкеновтың қатысуымен жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті.

   Семинарда кәсіпкерлер арнайы салық режімдерінің үш санатқа дейін азаюына байланысты көкейдегі сұрақтарын қойды. Осы реформаға сәйкес салық есебін жүргізу мен бизнеске арналған салықты басқару қызметі жеңілдей түседі. Бұған қоса өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға әлеуметтік жарналарды табыстың 4% мөлшерінде белгілей отырып, жеке табыс салығын төлемеу арқылы жылына 4080 АЕК-ке дейінгі кірістерді заңды түрде алуға мүмкіндік беріліп отыр. Шағын бизнес үшін белгілі бір шарттарды орындау кезінде (2% дейін төмендейтін) ең жоғары 4% мөлшерлемесі бар арнайы салық режімі белгіленді. Бұл амал кәсіпкерлерге жүктемені азайтып, салық салу жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

     Жаңа заң кәсіпкерлердің қызметін айтарлықтай жеңілдетіп, есеп-қисапты шамамен үштен біріне дейін азайтуға септесіп, декларация жылына бір рет қана өткізілетін болады. Ережелердің сақталуын бақылау тәуекелдерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қарыз сомасы аз болған жағдайда кәсіпорындардың шоттары автоматты түрде бұғатталмайды. Осының барлығы бизнеске қолайлы жағдай жасап, экономикалық дамуға жол ашады.

Кездесудің соңында Департамент өкілдері өзекті сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Келесі семинар 29 тамызда Степногорск қаласында өтеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1058507?lang=kk