Салықтық берешектің дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу тәртібі
27.07.2026 13:01:41 177
Мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қабылданғаннан кейін салық төлеуші салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешегін өзінің банктік шоттарындағы ақша есебінен өтемеген жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақшаға қолданылады.
Дебитор деп салық төлеушінің алдында берешегі бар жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам түсініледі.
Салық органы дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жібереді.
Дебитор салық органына қағаз немесе электрондық жеткізгіште салық төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін және (немесе) хабарламаны алған күні өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін жасау мүмкін болмаған жағдайда, салық төлеушімен өзара есеп айырысуларды растайтын құжаттарды ұсынады.
Салық органы дебиторлық берешек сомасын растау туралы хабарлама орындалмаған кезде: дебиторларды салықтық тексеруді жүргізеді; осындай хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Салық органы дебитордың банктік шоттарына мынадай құжаттардың бірімен: өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісімен; дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісімен; заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық берешек шегінде салық төлеушінің салықтық берешегі сомасына инкассолық өкімдер шығарады.
Дебитордың банктік шоттарына шығарылған инкассолық өкімдер салық төлеуші немесе дебитор салықтық берешекті өтеген кезде кері қайтарып алуға жатады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1263995?lang=ru