«Туған өлке келбеті» фотокөрмесі

«Туған өлке келбеті» фотокөрмесі

02.09.2025 11:20:27 323

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Туған өлке келбеті» атты «Кристалл» фотоклубы мүшелері көрмесінің вернисажы өтті. Өскемен қаласындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Александр Андреевич Дяченко, қаласы әкімінің орынбасары Ирина Федоровна Смит, «Креативті индустрияны дамыту орталығы» КММ директорының м.а. Назым Шайзанова құттықтау сөз сөйледі.

1968 жылы құрылған «Кристалл» фотоклубы көптеген жылдар бойы фотосурет өнерінің әуесқойлары мен кәсіпқойларын біріктіріп келеді, олар үшін кадр өнері өмірге деген көзқарасын білдіріп, туған өлкенің қайталанбас сұлулығын сақтаудың тәсіліне айналды. Көрмеде 20-дан астам қатысушының жұмысы ұсынылған, бұл олардың жоғары шеберлік деңгейін көрсетумен қатар,  фотосуреттің жанды әрі өзекті өнер түрі болып қала беретінін куәландырады.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1060224?lang=kk