Әуе көлігімен жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары

Әуе көлігімен жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары

04.09.2025 12:20:35 801

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес кедендік баждар, жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын салықтар төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарлар санаттарының бірыңғай мөлшерлемелері белгіленген.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттары және оларды әкелу тәсілдері: көліктің әуе түрімен алып жүретін және (немесе) алып жүрмейтін багажбен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар.
Әкелудің құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормалары: құны 10 000 еуроға баламалы сомадан асады және (немесе) салмағы 50 кг-нан асады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелері: құн нормасынан асып кету бөлігінде құнның 30 пайызы, бірақ салмақ нормасынан асып кету бөлігінде 1 кг салмақ үшін кемінде 4 Еуро.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1061849?lang=kk