Құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы
04.09.2025 20:00:26 198
Мемлекет басшысының Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметін қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Кеңес тәжірибе, білім және идеялар алмасу, халықаралық тәжірибені талдау, цифрлық қызметтер мен құқықтық бастамаларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау алаңы болып табылады.
Кеңес Төрағасы - Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов болып табылады. Құрамына Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, мемлекеттік органдардың, ғылыми және IT-қауымдастықтардың өкілдері кіреді.
Отырыста жоба үйлестірушісі Серікжан Мырзалы қылмыстық қауіптерді болжау жобаларын және Комитетті одан әрі трансформациялау бойынша көзқарасты ұсынды.
Трансформация шеңберінде Комитет қызметтің жаңа бағыттарын енгізуде. Олардың ішінде: құқық бұзушылықтың алдын алуды цифрлық үйлестіру, құқық қорғау саласындағы ІТ-шешімдерді үйлестіру, қылмыстық қауіптерді талдау және болжау, құқықтық көмек көрсету және бірыңғай цифрлық платформада «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау.
Кеңес мүшелері Комитеттің бастамаларын қолдады және Комитет енгізіп жатқан болжау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің басқа да ұсынылған құралдарын айтты.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1062315?lang=kk