Болашақ сайлаушылар арасында «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның негізі» тақырыбында диктант
05.09.2025 16:30:58 658
Абай облысының қалалары мен аудандарының аумақтық сайлау комиссияларына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының бекіткен жоспар негізінде 2025 жылғы 2–18 қыркүйек аралығында Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2025 жылғы 4 қыркүйегінде Курчатов қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 8–9 сынып оқушылары, болашақ сайлаушылар арасында «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның негізі» тақырыбында диктант өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды сайлау процесімен таныстыру және қызығушылықтарын ояту болып табылады. Диктант барысында оқушылар азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет алды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1062762?lang=kk