2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы

2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы

09.09.2025 18:51:27 176

09.09.2025 жылы Жамбыл облысының Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Жамбыл аудандық «Жамбыл жастары» мәдениет үйінде, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.

Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Жалпы семинарға 130 тындаушы қатысты.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.

Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1064761?lang=kk