ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ, ТӘЖІРИБЕСІМЕН ҚҰНДЫ: ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕУЛІ, ТӘЖІРИБЕСІМЕН ҚҰНДЫ: ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ

10.09.2025 12:44:52 287

 

Теміржол саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тәжірибелі мамандардың бірі — Исабеков Бауыржан. Ол бұл салада 43 жыл 7 ай бойы тынымсыз еңбек етіп келеді.

Өзінің еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында қарапайым кезекші қызметінен бастаған ол бүгінде  жөндеуді бақылау бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқаруда. Жауапкершілігі мол, қажырлы еңбекті талап ететін бұл қызметте ол теміржол көлігінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуіне зор үлес қосып келеді.

Ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі, өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби біліктілігі жас мамандарға үлгі боларлықтай. Ол тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар теміржол саласында қалыптасқан еңбек дәстүрлерін ұрпаққа үйретіп жүрген білікті тәлімгер.

Осындай адал еңбек иелері — еліміздің теміржол саласының негізін қалаушылар мен алға сүйреушілері.