Мемлекеттік қызметшінің әдебі жөніндегі ЖАДЫНАМА
15.09.2025 10:30:36 116
Әдеп – мемлекеттік қызметшінің кәсіби болмысының айнасы. Ол халықтың сенімін нығайтып, мемлекеттік органның абыройын көтереді.
Мемлекеттік қызметшінің басты әдеп қағидалары:
- Адалдық пен әділдік – әрбір іс-әрекетте заңға және ар-ожданға сай болу.
- Сыпайылық пен құрмет – әріптестерге, азаматтарға және серіктестерге ілтипатпен қарау.
- Жауапкершілік – қызметтік міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындау.
- Қоғам алдындағы үлгі – сыртқы келбет пен мінез-құлықта мәдениетті болу.
- Сенімге ие болу – азаматтармен қарым-қатынаста ашықтық пен түсіністік таныту.
- Әдеп нормаларын сақтау – дауыс көтермеу, дөрекі сөз қолданбау, қақтығыстарға жол бермеу.
- Ынтымақтастық – ұжымда қолдау көрсету, бір-біріне көмектесу, сыйластық таныту.
- Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – заңсыз сыйақыдан, мүдделер қақтығысынан бас тарту.
«Мәдениет пен әдеп – әрбір азаматтың, әр отбасының өзінен басталуы тиіс» (Қ. Тоқаев, 2025 жылғы Жолдау). Бұл қағида мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызды. Себебі әрбір мемлекеттік қызметші – елдің бейнесі, халық алдындағы сенім мен құрметтің иесі.
Есте сақтаңыз:
- Әр мемлекеттік қызметші – мемлекеттің өкілі.
- Әрбір сөзіңіз бен ісіңіз – ел абыройына әсер етеді.
- Әдептілік – халыққа құрметтің, мемлекетке адалдықтың көрінісі.
Әдепті ұстанған қызметкер – абыройлы азамат, халық сеніміне
лайық тұлға.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1067534?lang=kk