Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Маңғыстау облысының жылу желілерін жөндеу нысандарын аралады
15.09.2025 12:50:37 152
Алдағы жылыту кезеңіне дайындықты бақылау аясында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Маңғыстау облысының жылу желілерін жөндеу нысандарын аралады.
Негізгі назар магистральдық жылу желісін ауыстыру жобасына аударылды. «Магистральдық жылу желілерін реконструкциялау» жобасы аясында 2024 жылдан бастап «МАЭК» ЖШС магистральдық жылу желілерін жаңғырту жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 11,5 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды.
Биылғы жылы 9,9 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар іргелес аумақты абаттандыру бойынша соңғы іс-шараларды жүргізуде. Жобаны іске асыру жылумен жабдықтау сенімділігін едәуір арттыруға және жылу шығынын азайтуға мүмкіндік береді, бұл қала тұрғындары үшін үздіксіз және сапалы жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Комитеттің аумақтық департаментіне жылу желілері мен жылу және электрмен жабдықтау объектілерінің негізгі жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1067829?lang=kk