Қазақстан Халықаралық электрбайланыс одағымен ынтымақтастығын кеңейтеді

Қазақстан Халықаралық электрбайланыс одағымен ынтымақтастығын кеңейтеді

16.09.2025 15:50:58 113

2025 жылғы 5 қыркүйекте Женевада Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Төребаев Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Елші Қазақстанның ХЭО-мен әріптестікті нығайтуға бейілділігін атап өтіп, Дорин Богдан-Мартин ханымды 2025 жылғы 2–4 қазанда Астанада өтетін халықаралық Digital Bridge 2025 форумына жеке қатысуға шақырды. Форум цифрландыру саласындағы жаһандық сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді, инвестицияларды тартуды және технологиялық экожүйелерді дамытуды талқылайтын маңызды алаң болмақ.

Тараптар сондай-ақ цифрлық даму, инновациялар және орнықты инфрақұрылым саласында Қазақстан мен ХЭО арасындағы ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады. Елші Қазақстанның ұйымның барлық маңызды іс-шараларына, соның ішінде өңірлік деңгейдегі шараларға қатысуға мүдделілігін атап өтіп, ХЭО-ны Digital Bridge 2025 форумын ұйым бастамаларын талқылау алаңы ретінде пайдалануға шақырды.

Бас хатшы Дорин Богдан-Мартин Қазақстанның бастамаларын жоғары бағалап, ХЭО мәселелері бойынша одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1068805?lang=kk