Мектептегі өрт қауіпсіздігі

Мектептегі өрт қауіпсіздігі

14.10.2025 11:26:16 95

Жаңа оқу жылы аясында ШҚО білім басқармасының «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік цифрландыру және білім беруді дамыту орталығы өрт қауіпсіздігі ережелеріне арналған тақырыптық сабақ өткізді. Кездесудің спикері болып Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры Мәдина Сейтқамза сөз сөйледі.

Сабақ барысында мектеп оқушыларының өрт жағдайында қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мәдина Сейтқамза өрттің жиі себептерінің бірі – отты абайсыз қолдану және мектепке әкелуге қатаң тыйым салынған заттар, мысалы, сіріңке, зажигалка немесе петарда екенін атап өтті.

Спикер балаларға эвакуация ережелерін түсіндірді: шығу жоспарымен қалай танысу керектігін, неге баспалдақ өткелдерін бөгемеу маңызды екенін және қатты түтіндену кезінде қалай әрекет ету қажеттігін айтты. Ол түтіннің көбіне оттың өзінен де қауіпті екенін ескертіп, тез әрі дұрыс қимылдау керектігін – еденге жақындап, тыныс алу жолдарын қолдағы бар құралдармен қорғауды еске салды.

Сабақта күрделі жағдайлар да қарастырылды: мысалы, от сыныптан шығатын жолды жауып тастаған кезде немесе адамның киімі өртеніп кеткен жағдайда не істеу керек екендігі. Мәдина Сейтқамза осындай жағдайда қауіп-қатерді барынша азайтып, өмірді сақтап қалу жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау майоры оқушылар мен мұғалімдерге тұрақты түрде өткізілетін оқу эвакуациясының маңызын еске салды. Бұл жаттығулар шынайы қауіп туындаған кезде балалар мен ересектердің әрекеттерін автоматты дағдыға айналдыруға көмектеседі.

Сабақ соңында спикер оқушыларға қауіпсіз оқу жылын тіледі және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тек мектепте ғана емес, үйде де маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1074808?lang=kk