Ақсу ауданында «Ашық есік күні»: Жаңа Салық кодексін түсіндіру

Ақсу ауданында «Ашық есік күні»: Жаңа Салық кодексін түсіндіру

14.10.2025 11:46:28 164

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы өзгерістермен таныстыру үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Бұл кездесудің басты мақсаты – 2026 жылдан бастап қолданысқа енетін жаңа Салық кодексінің негізгі қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндіру.

Шара барысында қатысушыларға ҚҚС, КТС, ЖТС секілді негізгі салықтарды есептеу мен төлеу тәртібіндегі жаңалықтар түсіндірілді.

Сонымен қатар шағын және орта бизнеске қатысты салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және кәсіпкерлікке қойылатын бюрократиялық талаптарды азайтуға бағытталған өзгерістер туралы кеңінен ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1074949?lang=kk