Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» тақырыбы бойынша коучинг-тренинг
14.10.2025 17:56:29 97
2025 жылдың 30 қыркүйектен 2 қазанға дейін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті базасында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы аясында аралас форматта коучинг-тренинг өткізді. Іс-шараға МКД басқарма басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары мен орынбасарлары, МКБ басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту. Бағдарлама стратегиялық жоспарлау, басқарушылық қасиеттерді дамыту, қызметкерлерді ынталандыру, көшбасшылық әлеуетті ашу, тиімді коммуникацияны қолдану бағыттарын қамтыды. Күтілетін нәтиже – басқарушылық қызмет сапасын арттыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Коучинг-тренинг спикерлері:
- Абдыкерова С. Ж. – ҚР ҚМ МКК КӘД Тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқарма басшысы;
- Омарова М. Е. – ҚР ҚМ МКК ӘД Кедендік әдіснама басқармасының бас сарапшысы;
- Кобекаева И.А. – ҚР ҚМ МКК ОӘО-ның Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы.
Тренинг барысында қатысушылар:
- заманауи жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау әдістерін меңгерді;
- персоналды ынталандыру тәсілдерін және көшбасшылық әлеуетті дамыту жолдарын үйренді;
- басқарудағы коммуникациялық дағдыларды және коучинг элементтерін тиімді қолдануға машықтанды;
- заманауи басқарушылық модельдерді тәжірибеде қолданды және ұжымдағы өзара іс-қимылдың тиімді дағдыларын қалыптастыруды үйренді.
Тренингтің ерекше бөлігі – «МКД/МКБ/КБ-нің 5 жылдан кейінгі көрінісі» тақырыбында жоба қорғау болды. Қатысушылар өз жобаларында стратегиялық даму бағыттарын айқындап, коучинг тәсілінің ұзақ мерзімді мақсаттарға жетудегі маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылар қорытынды сауалнама толтырып, «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1080540?lang=kk