Төлемді кешіктірмеңіз: Алматы тұрғындарына 2025 жыл үшін 4,8 млрд теңге мүлік салығы есептелді

Төлемді кешіктірмеңіз: Алматы тұрғындарына 2025 жыл үшін 4,8 млрд теңге мүлік салығы есептелді

28.07.2026 16:51:35 225

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді аяқтады.  

Алматылықтарға есептелген салық сомалары енгізілген коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектері (АЛСЕКО) жолданды. Сонымен қатар, тиісті хабарламалар мен төлем шоттары ыңғайлы төлеу үшін банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Салық «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметтері негізінде жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша есептеледі.  

Заңнамада (Салық кодексінің 597-бабы) азаматтардың бірқатар санаттары үшін АЕК-тің 1000 немесе 1500 еселенген мөлшері шегінде салықтық жеңілдіктер қарастырылған:

• Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің және «Отан» орденінің кавалерлері;

• Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар, тыл еңбеккерлері, майыптығы бар адамдар;

• Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар (18 жасқа толғанға дейін);

• Бала кезінен майыптығы бар адамның, майыптығы бар баланың ата-анасының бірі;

• «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар және бөлек тұратын зейнеткерлер.  

Мүлік салығын төлеу мерзімі (СК 604-бабы): 2025 жыл үшін ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей. Берешек пен өсімақының пайда болуын болдырмау үшін төлемді уақытылы жүргізу ұсынылады.  

Сұрақтар туындаған жағдайда кеңесті жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Алматы қаласының аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларынан немесе 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1264798?lang=ru