Ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті
28.07.2026 16:47:10 212
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан үлесі үшін ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
«Запорожье Агро» ЖШС агроном-тұқымшысы Людмила Назаренко Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жақсы ауданы әкімінің Алғыс хатымен "Охотзоопром" ӨБ "РМҚК кәсіпорнының қызметкерлері Берік Рахмет пен Серік Кукенов егістік алқаптарын киіктерден қорғау жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастырғаны және сапалы өткізгені үшін марапатталды.
Марапат иелерін осы лайықты бағамен құттықтаймыз және оларға кәсіби қызметтерінде табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1264788?lang=ru