Қытайдың «САМС» инжинирингтік корпорациясы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті
28.07.2026 16:41:56 195
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов Қытайдың «САМС» инжинирингтік корпорациясы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.
Тараптар компанияның жобаларды кешенді сүйемелдеу бағытындағы тәжірибесін ескере отырып, өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастырды. Аталған бағыт инженерлік ізденістер жүргізу мен жобалаудан бастап, құрылыс жұмыстарын басқару, нысандарды пайдалануға беру және техникалық қызмет көрсету кезеңдеріне дейінгі барлық процестерді қамтиды.
Сондай-ақ кездесу барысында компанияның индустриялық парктерді, өндірістік нысандарды, деректерді өңдеу орталықтарын және өзге де инфрақұрылымдық объектілерді салу саласындағы тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
https://www.instagram.com/p/DbVQVW4ITa0/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1264779?lang=ru