«Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар

«Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар

14.10.2025 17:56:38 133

2025 жылғы 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында «Жаңа Салық кодексінің нормалары» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда келесі спикерлер баяндама жасады:

-Гүлмира Сабралимова — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жеке табыс салығы, мөлшерлемелер, шегерімдер, әлеуметтік салық және арнайы салық режимдері бойынша өзгерістер туралы;
-Гүлмира Карибаева — корпоративтік табыс салығындағы жаңалықтар туралы;
-Асхат Жибитаев — қосылған құн салығына қатысты өзгерістер, оның ішінде мөлшерлемелер, тіркеу тәртібі және артық соманы қайтару мәселелері туралы;
-Азамат Жакиянов — берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары, сондай-ақ салықтарды төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу туралы;
-Гүлжанат Беркутова — камералдық бақылау мәселелері жөнінде.

Семинар барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, салықтық әкімшілендірудегі өзгерістер, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке қатысты практикалық мәселелер талқыланды.

Семинардың соңында Департамент өкілдері салық төлеушілер қойған сұрақтарға жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1080497?lang=kk