Әлем чемпионын «жасады»!

Әлем чемпионын «жасады»!

14.10.2025 20:42:34 109

Біздің Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Бейжіңдегі «China Youth Smash» халықаралық турнирінде үздік өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Қарағандылық спортшы Сингапур, Корея және Қытайдан келген мықты, титулды қарсыластарын жеңді. Сарапшылар мен жанкүйерлердің айтуынша, Алан ширек финалда 4-3 есебімен жастар арасындағы әлем және Азия чемпионы Ли Хеченді (Қытай) - жеке және жұптық разраядтарда жеңіп, керемет матч өткізді. Бізді өзінің жетістіктерімен таң қалдыруды тоқтатпайтын Аланды, оның тұрақты тәлімгері Эльмира Әлиеваны және үстел теннисінен Қарағанды ОРОМБЖМ басшысы, жаттықтырушы Тоқтамыс Хасеновті құттықтаймыз!

Алда Үндістанның Бхубанешвар қаласында 11-15 қазан аралығында өтетін 28-ші Азия чемпионаты тұр. Оған құрлықтың Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Катар, Қытай, Корея, ҚХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония елдерінен мықты теннисшілері қатысады. Біздің құрамада төрт қарағандылық - Алан Құрманғалиев, Зәуреш Ақашева, Жанерке Қошкумбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсететін болады. Балаларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Фото https://ttfrk.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1082641?lang=kk