1 С-Рейтинг алаңында ҚР жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру
15.10.2025 08:05:05 105
2025 жылғы 08 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова 1 С - Рейтинг алаңында сөз сөйлеп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР қолданыстағы және жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС) құрылымындағы негізгі өзгерістерді атап өтті.
ТікелейэфирформатындағыРеспубликалықсеминарға2,5 мыңнанастамқатысушы – салық төлеушілер, бизнесқоғамдастықөкілдері,бухгалтерлер,консалтингтіккомпанияларқатысты.Семинарбарысындажекетұлғалардыңтабыстарынасалық салудың жаңатәсілдеріне,сондай-ақ үдемелі салық салу шкаласынкеңейтугебастыназараударылды.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында ресми табысты ынталандыратын және халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін неғұрлым әділ және ашық салық жүйесін құру мақсатында ЖТС үдемелі шкаласы енгізіледі.
Табыс түріне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелері қарастырылған.
Жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалардың кірістерін қоспағанда, барлық кірістерге салық мөлшерлемесінің тиісті үдемелі шкаласы бойынша салық салынады.
Осылайша, жеке тұлғалардың табыстарына (жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғаларды, дивидендтерді, дара кәсіпкерлерді және шаруа қожалықтарын қоспағанда) салық мөлшерлемелерінің мынадай үдемелі шкаласы бойынша салық салынады:
күнтізбелік жылдағы АЕК-тің 8500 еселенген мөлшеріне дейін (33,4 млн. теңге) – 10 %;
табысы күнтізбелік жылдағы АЕК-тің 8500 еселенген мөлшерінен асатын болса (35 млн. теңгеден астам) – 8500 еселенген АЕК-ке дейінгі кірістің 10%-ы (35 млн. теңге) + осындай сомадан асып кеткеннің 15%-ы.
Жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалардың (жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) табыстарына 9% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.
5% (230 000 АЕК-ке дейінгі кіріс – 904,4 млн. теңге және кіріс 230 000 АЕК-тен асатын болса, үстеме сомадан 15%) мөлшерлемелерінің үдемелі шкаласын белгілей отырып, дивидендтер бойынша жеңілдік (30 000 АЕК-ке дейін босату) алынып тасталды.
Дара кәсiпкерлер мен шаруа қожалықтарының жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен барлық табыстарына (жеке тәжірибемен айналысатын жеке тұлғалардың табыстарынан басқа) мынадай мөлшерлемелердің прогрессивті шкаласы бойынша салық салынады:
күнтізбелік жылдағы АЕК-тің 230 000 еселенген мөлшеріне дейін (904,4 млн. теңге) – 10 %;
табысы күнтізбелік жылдағы АЕК-тің 230 000 еселенген мөлшерінен асатын болса (904,4 млн. теңгеден астам) – 230 000 еселенген АЕК-ке дейінгі кірістің 10%-ы + осы сомадан асатын соманың 15%-ы.
Қорытындылай келе, спикер Департаменттің салық төлеушілермен диалогқа дайындығын атап өтіп, барлық мүдделі тұлғаларды ШҚО бойынша МКД-нің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларындағы жарияланымдарды қадағалауға және жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша алдағы семинарларға белсенді қатысуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1083620?lang=kk