Қазақстан делегациясының басшысы ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы аясында ИКАО Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан делегациясының басшысы ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясы аясында ИКАО Бас хатшысымен кездесті

15.10.2025 09:57:48 10

2025 жылғы 22 қыркүйек, Монреаль. Қазақстан Республикасы делегациясының басшысы, Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым және ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза ИКАО Ассамблеясының 42-сессиясына қатысу шеңберінде ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен ИКАО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы маңызды жобалар талқыланды.

Қазақстанның ИКАО-ның жаһандық күн тәртібіне, соның ішінде ұлттық реттеуді ИКАО-ның стандарттары мен ұсынылған практикасына (SARPs) үйлестіру жөніндегі міндеттемесіне бейілдігі атап өтілді.

ИКАО Бас хатшысы Қазақстанда азаматтық авиацияны дамыту, жаңа инфрақұрылымды салу мен қолданыстағы нысандарды жаңғырту, нормативтік базаны жетілдіру және халықаралық әуе бағыттары желісін кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады.

«Біз Қазақстаннан келіп жатқан жағымды жаңалықтарды қуана қабылдаймыз. Бұл елдеріңіздің азаматтық авиацияны жаңғырту мен реформалау жолындағы табандылығын көрсетеді. Қазақстан өңірдегі азаматтық авиацияны сапалы реформалау үлгісі болып табылады», – деді ИКАО Бас хатшысы.

Сондай-ақ, халықаралық ұйымның басшысы жақын арада Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін растады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1085660?lang=kk