Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Аққан жұлдыз» атты танымдық кеш өтті

Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Аққан жұлдыз» атты танымдық кеш өтті

10.11.2025 13:20:43 43

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Аққан жұлдыз» атты танымдық кеш өтті.

Іс-шара барысында «Шоқан өмірінен сыр шеруі» атты бейнеролик көрсетіліп, одан кейін Авиценна колледжінің тарихшысы Мәжкен Жүнісов Шоқан Уалихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы мазмұнды баяндама жасап, оның зерттеушілік еңбектері, саяхаттары және қазақ халқының ауыз әдебиеті мен тарихын жинақтаудағы елеулі үлесіне тоқталды.

Сонымен қатар кітапханашы Айнұр Иманбаева оқырмандарға ғалымның еңбектері мен ол туралы жазылған зерттеу материалдарын таныстырып, «Шоқан мұрасы – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесін назарларына ұсынды.

Кешке келген №12 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Шоқан туралы танымдық викториналық сұрақтарға жауап беріп, оның нақыл сөздерін оқыды.Танымдық кеш қатысушыларға терең әсер қалдырып, Шоқан Уалихановтың тұлғасын жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1101958?lang=kk