Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Алтай Көлгінов Эстонияның Әділет және цифрлық технологиялар министрі Лиза Пакостамен кездесу өткізді
10.11.2025 20:50:18 137
Таллин, Эстония – 2025 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Көлгінов Эстонияның Әділет және цифрлық технологиялар министрі Лиза Пакостамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сағаттарды салыстырып, Эстония Президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарының ұйымдастырушылық аспектілерін талқылады.
Тараптар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және цифрлық трансформация саласындағы әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударды. Елші А.Көлгінов Эстония тарапының IT-секторды дамытудағы елеулі тәжірибесін жоғары бағалады және осы саладағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.
Елші Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жақында құрылғаны туралы Пакост министрін хабардар етіп, ел басшылығы үшін осы бағыттың басымдығын атап өтті.
Сұхбаттасушылар казіргі әлемдегі цифрландырудың шешуші рөлін, оның экономиканың әртараптандырылуы мен тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.
Тараптар бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді және цифрлық саладағы өзара іс-қимылдың нақты бағыттары бойынша консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1102395?lang=kk