Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ ынтымақтастықтың келешегін талқылады
11.11.2025 08:01:23 148
Вена, 2025 жылғы 6 қараша – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры (ДИАҚБ) Мария Телалианмен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен ДИАҚБ арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтарын қамтамасыз ету және құқық үстемдігі салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.
Елші Тілеуберді Бюро басшысына Қазақстандағы саяси реформалардың барысы туралы, оның ішінде Президент Қ.К. Тоқаевтың 2027 жылы республиканың бір палаталы Парламентке көшу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасы туралы хабардар етті.
Директор Телалиан өз кезегінде қазақстандық тарапқа Бюро қызметін қолдағаны үшін алғысын білдіріп, өңірдегі өзара іс-қимыл мен өнімділіктің көрсеткіші ретінде Астанамен екіжақты қатынастарды дамытудың басымдығын атап өтті. Осы тұрғыда келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен баруға дайын екендігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1102465?lang=kk