Джакартада Қазақстан Елшісінің дәрісі өтті
11.11.2025 13:40:57 146
Джакарта, 2025 жылғы 10 қараша - Индонезия демократия және білім беру институтының (IDE) өтініші бойынша Қазақстанның Джакартадағы Елшілігінде Елші Сержан Әбдікәрімовтің «Ұлы Дала рухын зерттей отырып: Индонезия мен Қазақстан арасындағы білім мен мәдениет саласында көпірлер салу» тақырыбында дәрісі өтті.
Дипломат өз сөзінде қазақ ұлтының этногенезінің қалыптасуы, Ұлы Даланың түрлі жаңалықтары мен жетістіктері: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стиліндегі өнер, Алтын адам, түркі елдерінің империялары, Ұлы Жібек жолы және басқа да тарихи фактілер туралы айтып берді.
Кездесу барысында, Елші аспиранттардың еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру салаларындағы қазіргі заманғы дамуы, әртүрлі салалардағы Қазақстан-Индонезия әріптестігінің ілгерілеуі туралы көптеген сұрақтарына жауап берді.
Қонақтар Қазақстан туралы туристік бейнероликтер мен фотокөрмені тамашалады, қазақ тағамдарының дәмін татып, Қазақстан туралы ақпараттық журналдар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1102768?lang=kk