Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді
11.11.2025 16:01:21 74
Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда басқарма мамандары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің басты бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу кезінде қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты енгізілетін негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне жасалатын жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік ауыртпалықты азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру шаралары туралы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1102956?lang=kk