Ташкент қаласында конституциялық бақылау институтын дамыту мәселелері талқыланды

Ташкент қаласында конституциялық бақылау институтын дамыту мәселелері талқыланды

11.11.2025 16:41:13 68

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Асан Ескендiров Ташкент қаласында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Шара Өзбекстан Республикасы Конституциялық Сотының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына Азия елдерінің конституциялық бақылау органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар мен белгілі құқықтанушы ғалымдар қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы конституциялық реформа және конституциялық бақылау институтын дамытудың өзекті аспектілері болды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының атынан сөз сөйлеген Асан Ескендiров әріптестерін Өзбекстан Республикасы Конституциялық Сотының ұжымын 30 жылдық мерейтоймен құттықтады. Өз сөзінде ол Қазақстандағы конституциялық бақылау органы қалыптасуының тарихы мен оның эволюциясы туралы баяндады. Ерекше назар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалар мен 2022 жылғы конституциялық реформаның аясындағы Конституциялық Сот қызметіне аударылды. Сонымен қатар, судья Конституциялық Соттың шешімдерін мемлекеттік органдар тарапынан орындау тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, конференция аясында 2025–2027 жылдарға арналған Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығына төрағалық ету өкілеттігін Таиланд Корольдігінің Конституциялық Сотынан Өзбекстан Республикасының Конституциялық Сотына тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Ақпарат үшін: Қауымдастық 2010 жылы Азияның конституциялық әділет органдарының аймақтық форумы ретінде құрылды. Қауымдастықтың мақсаты адам құқықтарын қорғауды насихаттау, демократияға кепілдік беру, заңның үстемдігін, конституциялық соттар мен теңестірілген мекемелердің тәуелсіздігін, қатысушылар арасында ынтымақтастық пен тәжірибе мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта қауымдастыққа 21 мемлекет қатысады.

Осы жылдар ішінде Қауымдастыққа Корея (2010-2012 жж.), Түркия (2012-2014 жж.), Индонезия (2014-2017 жж.), Малайзия федералды соты (2017-2019 жж.), Қазақстан (2019-2021 жж.), Моңғолия (2021-2023 жж.) конституциялық бақылау органдары төрағалық етті. Қазіргі уақытта Таиланд Корольдігінің Конституциялық Соты (2023-2025) төраға болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1103026?lang=kk