Еселі еңбекке-лайықты құрмет

Еселі еңбекке-лайықты құрмет

11.11.2025 17:10:53 25

Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қатысуымен "Тарихы терең, бірлігі бекем Сыр елі" атты салтанатты іс-шара өтіп, бірқатар Сыр азаматтары Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аталған шараны аудан халқы аудандық мәдениет үйінде онлайн көрсетілім арқылы тамашалады. Мұнан соң іс-шара жалғасын тауып, аудан азаматтары марапат тұғырынан көрінді. - Өздеріңізге белгілі 30 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген болатын. Сапар барысында Президент аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік нысандарда болды. Бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесті. Президентіміз аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Бұл - барша Сыр халқының бекем бірлігі мен егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы адал еңбегінің жемісі. Баршаңызға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының зор ризашылығын, алғысын жеткіземін, - деді Берік Әбдіғаппарұлы. Салтанатты іс-шарада ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына атсалысып жүрген бірқатар азамат облыстың “Құрмет грамотасымен” және облыс әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1103071?lang=kk