«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында аумақтық әділет органдары қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті

«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында аумақтық әділет органдары қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті

12.11.2025 14:20:41 134

Халықпен өзара байланыс сапасын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін күшейту мақсатында 2025 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Талғат Уәлидің төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдері, азаматтармен өзара іс-қимылды «Е-өтініш» жүйесі арқылы тиімді жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ әділет органдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларымен жұмыс істеу тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар, журналистер мен блогерлермен өзара іс-қимылдың заманауи тәсілдеріне, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы сақтау мәселелеріне және әділет органдары қызметкерлерінің жария коммуникация дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1103646?lang=kk