Қазақстан мен Оман ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Оман ауыл шаруашылығында ынтымақтастықты нығайтуда

13.11.2025 08:01:22 114

Масқат, 2025 жылғы 12 қараша – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығының Ауыл шаруашылығы, балық өсіру және су ресурстары министрі Сауд бин Хаммуд Әл-Хабсимен кездесуі өтті.

Аграрлық саладағы ынтымақтастықты талқылау барысында Қазақстанның жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін Оман нарығына тұрақты жеткізуді жолға қою мүмкіндіктері аталған.

Бұл ұсыныс оман тарапының қызығушылығын тудырды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларын ескере отырып, Таяу Шығыстағы бұл ел үшін ол өте өзекті.

Атап айтқанда, Оманның тиісті  компанияларымен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін азық-түліктің шетелге экспортымен айналысқан қазақ компаниялардың тізімі сұралды. Сұлтандық теңіз порттарындағы қоймалар инфрақұрылымының азық-түлік тауарларын ұзақ уақыт бойы үлкен көлемдерде сақтауға мүмкіндігінің бар екені айтылған.

Оманнан жаңа ауланған теңіз балықтары мен теңіз өнімдерінің басқа да түрлерін Қазақстан нарығына жеткізу мүмкіндіктерін зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Кездесу соңында оман тарапы осы елге импортпен кіретін ауыл шаруашылығының өнімдеріне әкелу ережелері мен ветеринарлық-санитариялық талаптар бойынша түсініктеме берді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1104159?lang=kk