QR-КОД ҰСЫНУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
15.11.2025 13:12:12 140
Шымкентте шымкенттіктердің пікірі мен ұсыныстарын тікелей жинауға бағытталған жаңа жоба қолға алынды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Азаматтардың Шымкенттің дамуына қосқан үлесі» акциясы тұрғындарға қаланың дамуына өз идеяларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді.
Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен қаланы аралау барысында қаланың инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар мен бастамалар тұрғындардан түсіп жатады. Бұл пікірлер енді арнайы сандық жүйе арқылы жиналады.
Жоба аясында жақын арада QR кодтары қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамаларда, автобустардың өздерінде орнатылады. Кодты сканерлеу арқылы кез келген тұрғын қаланың дамуына қатысты өз ұсыныстарын онлайн түрде бере алады. Бұл азаматтарға кері байланыс орнатудың қарапайым және қолжетімді тәсілі.
Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл жобаның басты мақсаты – әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосу мүмкіндігін беру екенін атап өтті. Барлық түскен ұсыныстар мұқият қаралып, ең өзекті және пайдалы идеялар негізінде нақты шешімдер қабылданатын болады.
Бұл жоба қала әкімдігі мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтудағы, сондай-ақ қаланы басқаруға қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Бұл бастама тұрғындардың қала өміріне белсенді араласуына жол ашып, оның дамуына ортақ жауапкершілікті арттырады.