Қазақстан-Ливан ынтымақтастығына арналған конференция

Қазақстан-Ливан ынтымақтастығына арналған конференция

17.11.2025 15:10:48 368

15 қарашада Қазақстанның Бейруттағы Елшілігі ливандық танымал “Елит” мәдени-ағартушылық орталығымен бірлестікте “Орталық Азия мен Араб әлемі: Ықпалдастықтың болашағы” айдарымен конференция өткізді. Шара болу елінде Бейруттан кейінгі екінші ірі қаласы саналатын және өткен жылы Араб әлемінің “Мәдени астанасы ” деп жарияланған Триполиде ұйымдастырылды. Оған шахардың губернаторының өзі мен әкімшілігінің өкілдері, парламент депутаттары, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, бірқатар экс-министр, ғалымдар, білім беру саласы мен баспасөз өкілдірі қатысты.

Жиындағы кіріспе сөзінде Қазақстан Елшісі Расул Жұмалы Отанымыздың тарихы мен бүгінгі дамуы, сыртқы саясаттағы басым бағыттары, сондай-ақ Араб әлемімен жан-жақты ынтымақтастығының жайы мен келешек көкжиектері туралы  баяндама жасады. Соңынан жүзден астам қатысушылардан тұратын аудитория тарапынан аталған тақырып төңірегінде көптеген сұрақтар қойылып оларға қатысты тұщымды жауаптар мен түсініктемелер берілді. Жалпы, жергілікті белсенділер Қазақстанның және тұтастай Орталық Азияның бүгінгі әлемдегі орны, артып келе жатқан стратегиялық және экономикалық мүмкіндіктері турасындағы жағдаяттарды жіті бақылап отырғанын танытты. Сәйкесінше орын алған сұхбат пен пікір-алмасу мейлінше ашық әрі мәнді сипатта өтуіне ахуал қалыптасты. Конференция барысында көрермендерге еліміз жайлы арнайы әзірленген бейнефильм мен көрнекі баспа материалдары ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1106544?lang=kk