Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік бажды қайтару мәселесі бойынша дөңгелек үстел

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік бажды қайтару мәселесі бойынша дөңгелек үстел

17.11.2025 15:30:43 135

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес  акционерлік қоғамының Алматы қаласы филиалымен бірлесіп, Алматы қаласы полиция Департаментінің Процессинг орталығының, Әкімшілік полиция басқармасының өкілдерінің  қатысуымен мемлекеттік бажды және де басқа төлемдерді қайтару кезінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдету мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында «Көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу)»,  «Жүргізуші куәліктерін беру (ауыстыру)» мемлекеттік қызметтерін алу кезінде мемлекеттік баж сомаларын қайтару  мәселелері қарастырылды.

Іс-шараның мақсаты-азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін қысқарту, мемлекеттік баж сомаларын уақытылы қайтаруды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды оңайландыру болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1106585?lang=kk