Қазақстан-Мажарстан ғылым, білім саласындағы ынтымақтастық арта түспек
18.11.2025 08:00:44 47
Будапешт, 2025 жылғы 17 қараша - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне Қазақ-түрік үкіметаралық Қ.А.Яссауи атындағы университеттің делегациясы келді. Университет Өкілетті кеңесінің төрағасы Проф.Др Мухиттин Шимшек басшылығындағы делегация еліміздің Елшісі А.Сапарбекұлымен университеттің Мажарстанмен ынтымақтастық жобаларымен ой бөлісті. Атап айтқанда;
- Университеттер арасындағы академиялық тәжірибе бөлісу, ортақ жобалар жүргізу;
- Мажар жастарын университетте білім алуға шақыру;
-Түркі әлемі мен Мажарстан арасында ТМҰ шеңберінде өзара ынтымақтастыққа үлес қосу.
Сұхбат соңында Елші Абзал Сапарбекұлы Университет басшылығының бұдан бұрынғы сапары нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру қадамдарына шынайы ризашылығын білдірді. Университет басшылығының Будапешт сапары барысында ғалымдар арасында жиын өткізіліп, өзара ынтымақтастық уағдаластықтарға қол қойылмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1106959?lang=kk