Инвестордың құқықтарын қорғау туралы
18.11.2025 11:20:35 164
Қостанай қаласының прокуратурасы қаладағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тұрақты мониторинг пен белсенді қолдау көрсетеді.
Инвесторлардың бірі қолданыстағы заңнама мен жасалған шарт талаптарына қарамастан, жиһаз цехын салу үшін жер учаскесін өтеусіз негізде ресімдеу барысында қиындықтарға тап болды.
Кәсіпкер туындаған мәселе туралы мобильді топқа хабарлады. Тексеру оның талаптарының негізділігін растады.
Қостанай қаласы прокурорының ұсынуы бойынша жер қатынастары бөлімі жасалған келісім шарттарын қайта қарады. Нәтижесінде инвесторға кәсіп ашуға арналған жер учаскесіні тегін пайдалану құқығы берілді.
Қабылданған шаралар инвестордың заңды құқықтарын қалпына келтіруге және инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етті.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1107139?lang=kk