Өзара мүдделілік және стратегиялық диалог: Қазақстан Елшісінің «MVM EGI» компаниясымен кездесуі
18.11.2025 15:01:01 76
Будапешт, 2025 жылғы 14 қараша - Қазақстан Елшісі Абзал Сапарбекұлы «MVM EGI Zrt» компаниясының кеңсесіне барып, оның Бас директоры Петер Карпатимен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен «MVM EGI» арасындағы стратегиялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Елші компанияның екіжақты энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызығушылығына ризашылығын білдіріп, Қазақстанның кәсіби диалогты әрі қарай дамытуға ашық екенін атап өтті.
Тараптар сондай-ақ жылу электр станцияларын жаңғырту, газ генерациясын дамыту, гидроэнергетика, заманауи инженерлік шешімдерді енгізу және энергетикалық жүйелерді цифрландыру сияқты бағыттар бойынша серіктестікті кеңейту перспективаларын қарастырды.
Елші «MVM Group» компаниясын Қазақстандағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін зерделеуге шақырып, шетелдік әріптестерге қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытып, келесі қадамдарды айқындау мақсатында жұмыс барысындағы диалогты жалғастыру жөнінде келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1107317?lang=kk