Қазақстан мен Оман туристік саладағы әріптестігін кеңейтуде
19.11.2025 08:20:38 104
Масқат, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сұлтандығының мұра және туризм министрі Саид Әл-Махруқимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Елші Қазақстан мен Оман арасындағы саяси өзара түсіністіктің жоғары деңгейін атап өтіп, мәдени және туристік өзара іс-қимыл екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Тараптар туристік ағындарды кеңейтуді, туристік инфрақұрылымды дамытуда тәжірибе алмасуды, туризмді цифрландыруды және тарихи-мәдени мұраны танымал етуге бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілетуді қоса алғанда, туризм саласындағы алмасуларды жандандыруға өзара мүдделілік білдірді.
Сондай-ақ, Елші Қазақстан мен Оман арасындағы туристік алмасулар саласындағы оң динамиканы атап өтті. Атап айтқанда, ол ағымдағы жылдың жазғы маусымын Масқат-Алматы-Масқат бағыты бойынша аптасына үш рейспен бастаған «Salam Air» авиакомпаниясы маусымның соңына қарай аптасына төрт-бес рейске дейін ұлғайғанын атап өтті, бұл Оманнан Қазақстанға туристердің қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Бұдан басқа, екі елдің жалпы азаматтық паспорттарының иелері үшін 1 айға дейінгі мерзімге қолданыстағы визасыз режим туристік ағынның одан әрі қарай өсуі және Қазақстан мен Оман халықтары арасындағы байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар, туризм саласындағы бейінді туроператорлар мен оқу орындары арасында тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ қол өнер бұйымдарының көрмелері мен гастрономиялық фестивальдар өткізуді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Министр Әл-Махруқи қазақ тарапының бастамасына оң баға беріп, Оманның Қазақстанмен туризм және тарихи мұра саласындағы әріптестік байланыстарын нығайтуға мүдделілігін атап өтіп, одан әрі практикалық талқылауға дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1107798?lang=kk