ШҚО әкімі Германиядан келген делегациямен ынтымақтастықты кеңейту жайын талқылады
19.11.2025 14:20:33 68
📍Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Германияның Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Ульрих Киннемен және неміс компанияларының өкілдерімен кездесті. Тараптар экономикалық әріптестік, инвестициялық жобалар және инновациялық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
"Германия облысымыздың маңызды технологиялық және экономикалық серіктесі. Қыркүйек айында аймаққа Германия Елшісінің сапары екіжақты диалогты күшейте түсті. Өңір экономикасының негізгі бағыты - металлургия. ШҚО-да 70-тен астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы мен туризм салалары да қарқынды дамып келеді",
- деді аймақ басшысы.
🔗Кездесу барысында әкім неміс кәсіпкерлерін облыс аумағында түрлі жобаларды қолға алуға шақырды. Олар да өз қызығушылықтарын білдірді. Осылайша кездесу екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстан облысы мен Германия арасындағы тауар айналымы 39,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1108151?lang=kk