Салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша семинар
19.11.2025 17:10:40 73
2025 жылғы 19 қарашада "Атамекен" ҰКП ШҚФ алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО салық төлеушілері, консалтингтік компаниялардың өкілдері, аудиторлар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін онлайн және офлайн форматта семинар өткізді.
Кездесу барысында департамент мамандары салық заңнамасының өзекті мәселелерін түсіндірді. Талқыланған тақырыптар:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық тексерулеріне енгізілетін
өзгерістер;
Темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес. 2026 жылғы 1 қаңтардан
бастап акциздер бойынша өзгерістер;
ҚР дереккөздерінен алынатын резидент еместердің кірісін салыққа
тарту, өзгерістер;
Заңды тұлғалардың банкроттығы — қарызды қайта құрылымдау рәсімі;
Кеден төлемдері мен салықтарды төлеу міндеттемелерін орындауды
қамтамасыз ету.
Іс-шара конструктивті атмосферада өтті, қатысушылар қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1108409?lang=kk