Будапештте өткен сараптамалық жиында Қазақстан мен Мажарстанның стратегиялық әріптестігі талқыланды

Будапештте өткен сараптамалық жиында Қазақстан мен Мажарстанның стратегиялық әріптестігі талқыланды

19.11.2025 18:30:27 106

Будапешт, 2025 жылғы 18 қараша - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі, Людовика Мемлекеттік қызмет университетінің Түркі зерттеулері орталығы және Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп «Байланыстылық және ынтымақтастық: Мажарстанның Түркі әлемімен стратегиялық өзара іс-қимылы» тақырыбындағы панельдік дискуссия форматында дөңгелек үстел  өткізді.

Іс-шараға ТМҰ мемлекеттерінің Будапешттегі елшілері, ТМҰ-ның Мажарстандағы Өкілдігінің қызметкерлері, дипломаттар, сондай-ақ Мажарстанның Мәдениет және инновация министрлігі және талдау орталықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның басында Людовика университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Пьер Паоло Пигоцци, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, сондай-ақ Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілеттті кеңесінің төрағасы профессор Мұхиттин Шимшек сөз сөйледі. Сонымен бірге халықаралық істер жөніндегі бас директор Лилиана Шмех бейне үндеу жолдады.

Шара аясында екі жоғары оқу орны арасында академиялық ынтымақтастықты, бірлескен зерттеулерді және ғылыми жобаларды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бағдарлама екі панельдік сессиядан тұрды:

  • Бірінші панель « Байланыстылық және орнықтылық: Түркі әлемі мен Мажарстанның ортақ өңірлік контексті» тақырыбына арналды. Онда өңірлік байланыс, қауіпсіздік және Мажарстанның Түркі мемлекеттерімен ынтымақтастығы талқыланды.
  • Екінші панель «Қазақстан мен Мажарстан: стратегиялық әріптестік арқылы орнықты болашаққа» тақырыбында өтіп, экономикалық ықпалдастық, инновациялар, жасыл трансформация және ортақ даму басымдықтары қарастырылды.

Елші Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға және Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға деген берік ұстанымын атап өтті. Ол сондай-ақ академиялық және сараптамалық диалогтың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елші Абзал Сапарбекұлы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық серіктестерге алғыс айтып, білім, ғылым және дипломатия салаларындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1108537?lang=kk