Қазақстан ГРЕКО-мен өзара іс-қимылды күшейтуде
19.11.2025 18:50:38 106
Страсбург, 2025 жылғы 18 қараша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 101-ші пленарлық сессияна қатысты. Делегацияны Агенттік Төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов басқарды.
Пленарлық отырыста сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы реорганизация қорытындысы бойынша ГРЕКО-мен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау функциялары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілгенін атап өтті. Ол аталған шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың превентивтік тетіктерін күшейтуге және ұлттық антикоррупциялық саясат аясында ГРЕКО ұсынымдарын тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.
Агенттік Төрағасының орынбасары Қазақстанның ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені нығайту жөніндегі кешенді шараларды жалғастырып жатқанын мәлімдеп, ГРЕКО ұсынымдарын әділдік институттарын одан әрі жетілдіруге және қоғамдық сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағдар ретінде қарастыратынын атап өтті.
Сапар аясында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл және ынтымақтастық басқармасының сарапшыларымен кездесті. Тараптар ГРЕКО ұсынымдарына сәйкес Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын, антикоррупциялық саясатты, нормативтік-құқықтық және институционалдық базаны жетілдіру мәселелерін талқылады.
Еуропа Кеңесінің өкілдері Қазақстанмен өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтіп, екіжақты форматтағы жаңа жобалар бойынша жұмысты кеңейтуге әзір екенін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1108552?lang=kk