ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИДКЕ ЖОЛ БЕРМЕУ – БІЗДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ!
20.11.2025 17:51:17 84
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Талдау және болжау институтында жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың, құқықбұзушылықтардың және лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділік) алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға социологтар, психологтар, білім беру жүйесінің өкілдері, ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілi, сондай-ақ құзыретті ұйымдардың мамандары қатысты. Спикер ретінде облыс прокурорының аға көмекшісі Жексембаев А. сөз сөйледі. Ол өз сөзінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құмар ойындарға қатысудың құқықтық салдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Ерекше назар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, білім беру ортасында профилактикалық жұмысты жандандыруға, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақ арасында салауатты өмір құндылықтарын қалыптастыруда отбасы, мектеп және қоғамның рөліне аударылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар жастардың қауіпсіздігін, құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шараларды әзірлеу және одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Балалар мен жас өспірімдер – еліміздің болашағы, ал олардың қауіпсіздігі, әл-ауқаты мен жайлы дамуы прокуратура органдары үшін басты басымдық болып табылады. Теріс әлеуметтік жағдайлардың алдын алу, өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шаралары алдағы уақытта да облыс прокуратурасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1109234?lang=kk