Қазақстан Солтүстік Македонияға ынтымақтастықты тереңдету үшін бірлескен Іскерлік кеңес құруды ұсынды

Қазақстан Солтүстік Македонияға ынтымақтастықты тереңдету үшін бірлескен Іскерлік кеңес құруды ұсынды

21.11.2025 08:01:05 72

Скопье, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Экономикалық палатасының Бас директоры Антони Пешевпен кездесті.

Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы македондық тарапқа жан-жақты ақпарат берді, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін еліміздің басым экономикалық секторларындағы мүмкіндіктерді таныстырды.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары бойынша мазмұнды пікір алмасты. Әңгіме барысында екі ел экономикасының айтарлықтай бірін-бірі толықтыратыны және негізгі салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге зор әлеует бар екені атап өтілді.

Ерекше назар іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру қажеттілігіне аударылды. Осыған орай тараптар Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Македония Экономикалық палатасының бизнес-қоғамдастықтарды жақындастырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Аталған әріптестікті институционализациялаудың нақты қадамы ретінде қазақстандық тарап Қазақстан–Македония Іскерлік кеңесін құру туралы келісім жобасын қарауға ұсынды. Бұл бастама екі ел кәсіпкерлері арасындағы диалог пен практикалық өзара іс-қимылға арналған тұрақты платформа құруды көздейді.

А.Пешев Қазақстанның макроэкономикалық дамуының тұрақтылығын жоғары бағалап, одан әрі нәтижелі ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді.

 Анықтама:1922 жылы құрылған және 15 мыңнан астам белсенді мүшесі бар Солтүстік Македонияның Экономикалық палатасы бүгінде елдегі ең көне әрі ең ықпалды бизнес құрылым болып саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1109462?lang=kk