KazAID және GIZ жасыл жобалар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
24.11.2025 15:21:09 53
KazAID және GIZ жасыл жобалар аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2025 жылдың 21 қарашасында Астана қаласында KazAID Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан бойынша елдік директоры Йоахим Фритцпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар KazAID қызметін жан-жақты талқылады: 2024–2025 жылдары жүзеге асқан бағдарламалар мен семинарлар, сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған бастамалар мен жобалар қарастырылды.
Талқылаудың жеке бөлігі жасыл жобалардағы ықпалдастық мүмкіндіктеріне арналды. Тараптар экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге бағытталған бастамалар бойынша ұсыныстар алмасты, соның ішінде мектептер мен кеңселерде қалдықтарды сұрыптау жүйесін енгізу жобалары талқыланды.
Кездесу KazAID пен GIZ-дің экологиялық бағытталған шешімдерді дамытуға және тұрақты даму саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті кеңейтуге ортақ қызығушылығын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1111127?lang=kk