ҚР Елшісі Е. Қыстафиннің Пенджаб провинциясына жұмыс сапары туралы
24.11.2025 19:10:51 20
Пенджаб провинциясы, 2025 жылғы 20 қараша – Қазақстан Елшісі Е. Қыстафин Пенджаб провинциясының Гуджранвала қаласына - елдің 3-ші өнеркәсіптік орталығына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Елші "Гуджранвала қаласының перспективалық технологиялар институтына" (GIFT) барып, ЖОО басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізді.
Тараптар ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, қолда бар елеулі әлеуетті атап өтті.
Студенттер алдында сөз сөйлеген Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай, сыртқы саясаттағы басымдықтар, сондай-ақ Пәкістанмен екіжақты қатынастардың ағымдағы күн тәртібі туралы айтып берді.
Е. Қыстафин "Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін мүмкіндіктер көзі" жобасын іске қосу салтанатты рәсіміне қатысты.
Сол күні Елші Гуджранвала Бизнес Орталығы басшылығымен және мүшелерімен кездесу өткізіп, Пәкістан тауар өндірушілер үшін бизнесті жүргізуді жеңілдетуге бағытталған "Гуджранвалада жасалған" цифрлық порталының ашылуына қатысты.
Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиялық миссияның басшысы Гуджранвала қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасына барып, ұйым басшылығымен және мүшелерімен келіссөздер жүргізді.
Қазақ дипломаты Қазақстанның іскерлік мүмкіндіктері мен инвестициялық ахуалы туралы айтып берді.
Тараптар Гуджранвала қаласының бизнесмендер делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындыларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған қала кәсіпкерлерінің елшілік жоспарлаған іс-шараларға қатысуы және Пәкістан делегациясының Қазақстанға кезекті сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан Елшісі Гуджранвал Бизнес Орталығының төрағасы Ахмад Икрам Лон мырзаға және "GIFT" университетінің төрағасы, негізін қалаушы Мұхаммед Анвар Дару мырзаға сапарды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1111488?lang=kk