Қазақстан мен Бразилияның ұлттық кинокомпаниялары арасындағы ынтымақтастық талқыланды
25.11.2025 08:10:26 52
Бразилиа қ., 2025 жылғы 24 қараша - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Рио-де-Жанейро қаласындағы Бразилия киноинститутының Президенті Марсио Гомес мырза және PSC E-Legalnet компаниясының серіктесі Жузеппе Пинелли мырзамен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Бразилияның ұлттық кинокомпаниялары арасында кинематография, киноөндіріс, кино таратылымы және техникалық өзара іс-қимыл, соның ішінде цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдану салаларында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ Бразилияда және Қазақстанда өтетін жыл сайынғы халықаралық кинофестивальдерге қатысу үшін делегациялар алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.
Бұдан қатар, кездесу барысында екі елдің жетекші жоғары оқу орындарында жастардың академиялық алмасуын жолға қою мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1111554?lang=kk