2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары бекітілді

2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары бекітілді

25.11.2025 12:10:56 31

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 1 қантардан бастап жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған салық есептілігінің нысандары олардың жасалу барысын және оларды ұсыну қағидаларын түсіндіре отырып бекітілгенін хабарлаймыз.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12.11.2025 года № 695 бұйрығымен 2026 жылға арналған 328.00 «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны бойынша салық есептілігі бекітілді.

 

Есептіліктің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.

 

Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салықтық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салықтық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ-да және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1111866?lang=kk